Ауруханадағы қайырымдылық концерт

Бүгін біздің Қор Алматы облысы Өтеген-батыр ауылындағы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының кішкене пациенттеріне қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

Балалар кәсіби классикалық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен құммен бейнеленген «Күлбике» ертегісін тікелей көрсетілімінде тамашалады. Аурухананың түрлі бөлімшелерінде емделіп жатқан балалар музыкалық көрініске өте риза болды, себебі әрбір отбасы осындай концертке шамамен 7000 теңге тұратын балаға билетті сатып ала алмайтыны анық. Осы концертті ата-аналар мен аурухананың медицина қызметкерлері де ақысыз көре алды.

Біз өз тарапымыздан осындай науқандарды жиі орындауға тырысамыз, өйткені аз да болса өнерге, көркем мәдениетке деген талпыныс барлық балалар мен ересектерге де қажет.

21.06.2019
13.04.2016
QIWI - қайырымдылық…

Достар!2011 жылдың сәуір айында «Сәби» Қоры QIWI төлем терминалдары арқылы (ол кезде ОСМП) қайырымдылық жарнаны қабылдау ашты.…

Қайырымдылық шаралары
20.05.2015
QIWI терминалдары мен…

Қазақстандағы төлем жүйелерінің жетекші орын алатын QIWI жүйесі өз сайтында мынадай қызықты хабарлама жазды: 2014 жылы «QIWI ақша…

Қайырымдылық шаралары
16.01.2015
Сәбилерге арналған жаңа…

Анда – санда, әсіресе мейрам күндерінде балалардың көңіл күйін көтеру үшін бір жолғы көмек көрсеткісі келетін қайырымгер…

Қайырымдылық шаралары