Әсел Тасмағамбетова VI-шы «Өз ісіңді баста» сайысы жайлы

6 жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Өз ісіңді баста» сайысы да өз мәресіне жетті. Марапатқа ие болған жеңімпаздарді біз шын жүректен құттықтап және өз істерін алға қарай жылжытуға үлкен жетістік тілейміз.

17 жыл бойы «Сәби» қоры өзінің көптеген әлеуметтік бастамаларын сәтті жүзеге асырған ресурстық орталыққа айналды. Сондықтан да, таза нысанмен басталған бұл байқау нағыз қайырымдылық жоба болғандықтан  Қордың аясында өткізіліп отыр. Жеңімпаздарға гранттар тегін беріледі, біз олардан ешқандай қызығушылық танытпаймыз, бизнестің бір бөлігін өзімізге тартып алмаймыз. Тек біздің жалғыз қалауымыз бар, ол жас бастаушы кәсіпкерлердің бизнесі алғашқы қадамдарын басып, екі аяққа тік тұрып кетуі. Біздің көмегіміз жан-жақты болып табылады, қаржылық қолдаудан бөлек, ұтып алған жобалардың шығарылатын өнімдері мен қызметтеріне  Қордың атынан алғашқы тапсырыс беріп, маркетингтік жарнама жасап, орын-жайларды жеңілдікпен жалдауға және т.б. қолдау көрсетіп жатырмыз.

Біз сондай-ақ жас стартаптардың бизнестегі білімін арттыруға көп көңіл бөлеміз. Бұл бағытта бізді бірінші болып қолдау білдірген Ernst & Young (британдық аудиторлық консалтингтік компания, «алып төрттік» аудиторлық компаниялардың құрамына енген әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі), ол биылғы жылы Сайыстың ресми серіктесі болды. Компанияның мамандары біздің финалистерге арналған дәрістер мен жеке консультациялар өткізді, осылайша жас сауатты кәсіпкерлердің жаңа буынын дамытуға ықпал етті.

Бүгінгі күні қоғамда коммерциялық емес ұйымдарға (бұдан ары - КЕҰ) көмек көрсетудің жүйелік сипаты деген түсінік дамып келе жатыр, мысалы ірі компаниялар КЕҰ-ға қаржылай ғана емес, сонымен қатар оқу іс-шараларын ұйымдастыру және әртүрлі білім беру кластерлерін құру аясында кәсіби дағдылар мен икемімен бөліседі. Е & Y-пен осындай серіктестіктің керемет үлгісі басқа да ірі компаниялардың бізге бет бұрып  «Өз ісіңді баста» жобасына қатысу үшін өзінің ниеттерін білдіреді деген үміттеміз.

Біз қайырымдылыққа бағыт ұстанғанымызға  қарамастан, ең алдымен, келешегінде зор  үміт күттіретін жобаларға қолдау көрсетіз. Сондықтан, бизнесте нағыз маман болып есептелетін адамдардан жоғары сапалы кеңес алу олар үшін белгілі бір бастапқы капитал болып табылады.

Біз сондай-ақ әлеуметтік саладағы жобаларды да қолдаймыз, мүмкін болашақта байқау толығымен әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына бағытталуы да мүмкін. Дегенмен, қазіргі уақытта біз күш-жігерімізді дара кәсіпкерлерден мықты бизнесмендер кластерін өсіруге бет алып отырмыз, олар өз кезегінде болашақта жаңадан өсіп келе жатқан жаңа буынға көмектеседі деген сенімдемін.  

Өз тарапымыздан «Өз бізнесіңді баста» байқауы ары қарай жалғастыру үшін жұмыс істейміз және бизнес-қоғамдастықтың ірі өкілдерімен серіктестікте болып еліміздің жастары үшін белгілі бір «әлеуметтік лифт» рөлін атқару үшін бар ниетімізді саламыз.

04.03.2019
24.05.2019
Тағы бір хирургияның…

Кеше Алматыда Damiani зергерлік үйі ұйымдастырған қайырымдылық кеші өтті. Компания "Сәби" қорына іс-шараны…

Жаңалықтар
28.02.2019
«Өз ісіңді баста 2018-2019»…

«Өз ісіңді баста 2019» жеңімпаздарын жариялау және марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы байқауға қатысу үшін…

Жаңалықтар
01.02.2019
Кішкене қадаммен – үлкен…

Қайырымдылық қызмет тек қана ауқымды және кішкентай істерден құралмайды. Көп жағдайда ақшалай қаражаттарды қажет етпей,…

Жаңалықтар